RU
СІМ: Допингпен ұсталған Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда
Жаңалықтар Спорт

СІМ: Допингпен ұсталған Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі басы дауға қалған Алексей Полтораннің мәселесіне қатысты пікір білдірді. Қазақстандық шаңғышы допинг қолданғаны үшін айыпталуда деп жазады "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com

Фото: zimbio.com

"Әзірге Полторанин байланысқа шығудан бас тартып жатыр. Біздің білуімізше, ол консулмен де кездескен жоқ" , - деді СІМ вице-министрі Ержан Ашықбаев.

Ол министрлікте спортшыға тағылған айыпқа қатысты ақпаратқа сенетінін айтты.

"Сенбеуге негіз жоқ. Біздің спортшы мен австриялық шаңғышылар да өз кінәсін мойындағанын жоққа шығармады. Жаман оқиға орын алды. Бұл спортшы үшін кері әсерін тигізбек" , - деді Ашықбаев.
"Допингпен күрес, спортшылармен ашық түрде сөйлесу - біз үшін басты мүдде. Біз таза спорт жағындамыз. Оған қоса, барлық спортшыларымыз үшін бірдей жағдай болғанын қалаймыз. Қазақстан ЮНЕСКО-ның тиісті конвенциясына қосылды. Бұл стандарттардың барлығы іске қосылып жатыр" , - деп қосып кетті спикер.

Айта кетейік, қазақстандық спортшыны Австриядағы әлем чемпионатынан шеттетіп тастады. Шаңғышы допинг қолданғаны үшін айыпталған.

Шаңғы спортының федерациясы орын алған мәселенің анық-қанығын анықтап, қажетті шараларды қолдануға уәде етті.

Бірінші наурыз күні Полторанинді қамаудан босатты.

Екінші наурыз күні әлемдік шаңғы федерациясы Қазақстандағы шаңғы жарыстары бойынша ұлттық федерацияға Полторанинді тергеу уақытына спорттан шеттету жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel