Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әйелдің баласын бұрынғы күйеуі Ресейге ұрлап кеткен

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде баласынан айырылған қазақстандық Дана Әмееваға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: klerk.ru
Көрнекі фото: klerk.ru: Facebook
"Қазақстан азаматы Дана Әмеева өткен жылы баласын қайтарып алу үшін көмек сұрады.

Кезінде ол Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Калининград қаласына көшкен.

Отбасылық себептермен екі жылдан кейін ажырасып, Калининград қаласының соты баланы анасымен қалдыру туралы үкім шығарған.

Бірақ баланың әкесі сот шешімін орындамай, Беларусь пен өзге еуропалық қалалар арқылы сәбиді алып кеткен", - деді Смадияров.

Оның айтуынша, Санкт-Петербургтегі Қазақстан Консулы бұл мәселені өз бақылауында ұстап отыр.

Олар бірнеше рет Ресейдің құқық қорғау мен сот органдарына жүгініп, сот шешімінің орындалуын талап еткен.

Бірақ жергілікті билік әке мен баланың қайда жүргенін анықтай алмапты.

"Өткен айда бала мен әкенің Калининград қаласына қайтып келгені хабарланды. Судья мен Дана Әмеева баланы көруге барды. Баланың әкесі сәбиге Ресей федерациясының азаматтығын алып берген.
Қазақстан азаматтығынан шықпаған сәбиге Ресей азаматтығы қалай берілген? Сол себепті, бұл өзекті мәселе бойынша жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз", - деді ресми өкіл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781821-kazakstandyk-jeldi-balasyn-bryngy-kjeui-resejge-rlap-ketken/

pixel