RU
Жансая Әбдумәлік әлемдік чемпионат жеңімпаздарына болжам жасады
Жаңалықтар Спорт

Жансая Әбдумәлік әлемдік чемпионат жеңімпаздарына болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Астанада наурыздың 4-15 аралығында классикалық шахматтан әлемдік командалық чемпионат өтпек. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында өтетін шахмат додасына барлығы 14 елден келген команда қатыспақ. Айта кетерлігі, айтулы додада Қазақстан намысын Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова сынды есімі күллі әлемге белгілі шахматшылар қорғамақ.

Жансая Әбдумәлік әлемдік чемпионат жеңімпаздарына болжам жасады

Сондай-ақ, чемпионат қатысушылары арасында есімі «Гиннес» рекордтар кітабына енген, әйгілі Сергей Карякин де өнер көрсетеді.

Чемпионатта Қазақстанның ерлер құрамасы Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Египет, Ресей, Польша, Англия және Үндістан құрамаларымен бірге бақ сынамақ.

Ал әйелдер құрамасы Ресей, Қытай, АҚШ, Египет, Украина, Грузия, Венгрия, Армения және Үндістан құрамаларымен сайысқа түседі деп жоспарланып отыр.

Әйелдерден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдумәлік алдағы чемипонатта алдыңғы орындардан көрінетін құрамаларға қатысты өз болжамымен бөлісті.

Жас шахматшының айтуынша, әйелдерден Қазақстан құрамасының басты қарсыласы Ресей, Украина және Қытай елдерінің командалары болады екен.

«Қазір құрамадағы бойжеткендердің барлығы осы чемпионатта топ жарсақ деп отыр. Әрине, қарсыластарымыз да осал емес. Әсіресе аталған үш елдің құрамасы чемпионаттың фавориттері десем артық айтпаспын. Сондықтан, барымызды салатын боламыз», - деді Жансая Әбдумәлік.

Айта кетерлігі баспасөз мәслихатында сөз алғандардың қатарында Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те болды.

«Бүгінде елімізде шахмат саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Еліміздің талантты шахматшылары қазіргі таңда өздерінің шахмат академияларын ашуда. Осындай доданы өткізуге Елбасының өзі қолдау білдірді. Сондықтан бұл чемпионат елдегі шахмат ойындарын дамытуға айрықша үлес қосары сөзсіз»,-деді Серік Сәпиев.

Айта кетейік, АХҚО аумағында өтетін шахмат додасы бүгін кешке салтанатты түрде ашылып, ертең ойындар басталады деп жоспарланып отыр. Елордада өткізіліп отырған шахматтан әлемдік командалық чемпионат наурыз айының 14-і күні аяқталмақ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel