RU
Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Баян-Өлгейде тұратын қазақтардың төрт түлік малы жұттан қырылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі аймақтық баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды

Көрнекі фото: Аймақтық баспасөз қызметі

Биыл қыстық ұзаққа созылып, әрі қардың қалың жауғаны шаруаларға ауыр соққан. Әдетте төрт түлігін жайылыммен алып шығатын халық қазір үкіметтен көмек сұрап, қолдағы малды жұттан аман алып қалудың жолын қарастыруда.

Ресми дерек бойынша, аштықтан отыз мыңдай мал қырылып қалса, тағы 26 мыңнан астам буаз мал іш тастап кеткен.

Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды

Фото: Аймақтық баспасөз қызметі

Бұл тек ресми ақпарат қана. Шындығында арықтап, аштықтан өлген мал саны әлде қайда көп болуы мүмкін. Өйткені шаруалардың көбімен байланыс жоқ, алыс ауылдарда немесе қыстауларда өмір сүреді. Олардың барлығынан ақпарат жинау мүмкін емес.

150 мыңнан астам халық тұратын Баян-өлгей амағында 8800 малшы ауылы бар деп тіркелген. Қолдағы төрт түліктің саны 2 миллион 300 мың бастан асып кеткен.

Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды

Фото: Аймақтық баспасөз қызметі

«Күн өткен сайын жем-шөптің бағасы қымбаттап барады. Улан-батырдан арнайы комиссия келіп, шаруаларға көмектесудің жолын қарастырып жатыр. Сатылымдағы мал азығы қожалық иелеріне, малшыларға елу пайыз жеңілдікпен беріледі. Шөп пен жемді жеткізіп беруге сумын (аудан) әкшілігі жауапты», - деді Баян-Өлгей аймақтық әкімшілігінің ақпарат қызметкері Ерлан Нұрдолдаұлы.
Моңғолияның қыстауында тұратын қазақтардың малы жұттан қырылып қалды

Фото: Аймақтық баспасөз қызметі

Әкімдік өкілінің мәліметінше, салмағы 18 келі болатын бір орама шөптің құны базарда 13 мың төгөрөг (91 000 теңге) болса, 50 келі кебектің құны 25 мың төгөрөгке (175 000 теңге) бірақ қымбаттаған.

Сіздің реакцияңыз
2
2
4
21
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel