RU
Балқашта бес жасар бала антибиотик еккен соң реанимациядан бір-ақ шыққан
Жаңалықтар Қоғам

Балқашта бес жасар бала антибиотик еккен соң реанимациядан бір-ақ шыққан

Рассказать Вконтакте

Балқашта бес жасар бала антибиотик еккеннен кейін денесіне қызыл бөртпе шығып, реанимациядан бір-ақ шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: berdsk-online.ru

Көрнекі фото: berdsk-online.ru

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, жеткіншек 28 ақпан күні Балқаштың орталық ауруханасына жеткізілген екен. Жедел-жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, балақайға "Ауыр деңгейдегі аллергиялық бөртпе" деген диагноз қойылыпты.

Бүлдіршіннің анасының сөзінше, ол ұлына Цефтриаксон антибиотигін еккен екен. Салдарынан балақайдың жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындай түскен. Зәресі қашқан келіншек тез арада жедел-жәрдем шақырған.

"Қазіргі таңда баланың жағдайы бір қалыпты. Наурыздың 1-і күні ол аурухананың педиатрия бөліміне ауыстырылды. Ем-дом шаралары әлі де жалғасуда. Өкінішке орай, дәріні тексеру мүмкін болмай отыр. Себебі дәріханадан босатылу парақшасы не анасын да, не дәріхана қызметкерінде сақталмаған", - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау бақармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Иса.

Сондай-ақ олар аталмыш жағдайда бүлдіршіннің анасы өздігімен шешім қаққанын алға тартуда.

"Бұл оқиғада баланың анасы осындай шешімге келіп, үй жағдайында дәріні өзі еккен. Сондықтан ана-аналарға өз бетінше ем шараларын жүргізуден бас тартуға кеңес береміз. Дәрігер балаға антибиотик тағайындаған күннің өзінде, оны тек білікті медицина қызметкерлері ғана салуы тиіс. Кез келген препаратты енгізбестен бұрын, оның аллергияға деген реакциясын тексеру керек. Өз бетінше емделуге болмайды!", - деп кеңес берген мамандар.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel