RU
ШҚО-да батыл келіншек екі адамды алапат өрттен алып шыққан
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да батыл келіншек екі адамды алапат өрттен алып шыққан

Рассказать Вконтакте

Өскеменде "Металург-3" бақша серіктестіктері үйлерінің бірінде алапат өрт орын алған деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасаған Yk-news.

Фото: yk-news.kz

Фото: yk-news.kz

Өрттің орын алғаны туралы хабар №5 құтқару бөліміне 4 наурызда таңғы уақытта түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, үйдің толығымен жанып кеткендігінің куәсі болған. Сондай-ақ олар көрші әйелдің 6 жастағы балақай мен әйел адамды құтқарғандығын білген.

Батыр әйел ол уақытта жедел жәрдем шақырып үлгеріпті. Ақ халаттылар өрттен зардап шеккендерді бірден ауруханаға жеткізген.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін, оқиға орнына қосымша техника жұмылдырылған. Кейін үйде тірідей жанып кеткен ер адамның мәйіті табылған.

Мамандар бұған дейін аталмыш үй тұрғындарына талай мәрте түсіндіру жұмыстары жүргізілгендігін жеткізген. Алайда оған қарамастан тұрғындар әлі күнге дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай келеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel