RU
Отандық спортшы халықаралық турнирде батпаққа батып шықты (фото)

Отандық спортшы халықаралық турнирде батпаққа батып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Тау велоспортынан Түркияның Алания қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Кирилл Казанцев алғашқы ондықтың қатарынан көрінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық велошабандоз жүлделі орын алмаса да, көңіл-күйінің жақсы екендігін жеткізген.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында турнирдегі қызықты суреттерімен бөліскен.

Кадрдан спортшының батпаққа белшесінен батқанын байқауға болады.

"Жарыс батпақсыз болмайды. Жарыста қоржыныма ұпай сала алмағаным қынжылтады. Өкінетін ештеңе жоқ, келесі жолы жетістікке жетемін", - деді ол.

Мұны көрген велошабандоздың оқырмандары "саған жарасады", "батпақтан тек көзі ғана көрінеді", "батпаққа аунаудан жарыс өткен сияқты" деген сынды пікірлер қалдырған.

Еске сала кетсек, Кирилл Казанцев Азиада-2018 турнирінде қола жүлдені жеңіп алған. Ол тау велоспортынан медаль ұтып алған тұңғыш қазақстандық спортшы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel