RU
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер бүгін, 5 наурызда елімізде қандай ауа райы болатынын айтып берді деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pinterest

Көрнекі фото: Pinterest

Мамандардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің ұйытқуы 15-20 м/с болып, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Аталған аймақтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.  

Ақтөбе облысында көктайғақ, бұрқасын болып, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кейбір өңірлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м /с болады.

Атырау облысының аумағында тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл елді мекенінде желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.

Қарағанды ​​облысының кейбір өңірлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, жел 25 м/с соғады.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтілуде.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel