RU
Допинг дауына іліккен Полтораниннің қайда жүргені белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Допинг дауына іліккен Полтораниннің қайда жүргені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Австриядағы әлем чемпионатында допинг пайдаланғаны үшін айыпталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин босатылған соң Мәскеуге ұшып кеткен. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com

Фото: zimbio.com

"Алексей Полторанин 28 ақпан күні кешке Мюнхен арқылы Мәскеу бағытына ұшып кетті. Ол біздің дипломатпен сөйлесуден бас тартқан. Соған қарамастан, біздің консул оны ұстаған қалаға бірден шығып кетті. Бүгінде біз шаңғышының қай жерде екенін білмейміз. Біздің консул спортшының құқықтары бұзылмағанын қадағалады", -деді Смадияров апталық брифингте.

Оның сөзінше, Мәскеу бағыты бойынша әуежайға Полторанинді Мюнхендегі консул алып жүрген.

"Венадағы қонақүй дәлізінде біздің консул Алексеймен кездесуді күткен. Алайда, ол кездесуден бас тартып, Мюнхенге аттанып кеткен. Біздің Мюнхендегі консулымыз оны әуежайға шығарып салды. Ал Алексейді Мәскеуде күтіп алған жоқ. Бұл СІМ құзіретіне кірмейді. Босатылған соң Полторанин қайда бағыт алса да, өзі біледі",- деді СІМ өкілі.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel