RU
Төреғали Төреәлі қыздарының жас актрисаға ұқсағанын қалайтынын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі қыздарының жас актрисаға ұқсағанын қалайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі өсіп келе жатқан қыздарының Мадина Оспановаға ұқсағанын қалайды. Бұл туралы сахна серісі актрисаның өзіне берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Гу-гу-лет" бағдарламасының жүргізушісі Мадина Оспановаға сұхбат берген Төреғали Төреәлі жақында ән сапарлар өткізетінін, баратын өңірлердің ішінде өз басы дауға қалған Павлодар өңірі бар екенін де айтып қалды.Әнші одан да басқа жоспарларымен бөлісті.

"Алла қаласа, 2019- да күшті фильм болатын сияқты. Бірінші фильмнің жалғасы болғанда қызық болушы еді. Өзім солай ойлап ем. Бірақ, сценаристердің айтуы бойынша, олай болмайтын сияқты. Сондықтан, басқа фильм түсіреміз", -деді әнші.

Ал Оспанованың "Менен басқа актрисаны көздеп отырған жоқсыз ба?" деген сұрағына Төреғалидің жауабы дайын тұр екен.

"Әзірге әлі сценарий жазылмаған. Бұйырса, сен мықты актрисасың ғой. Өз салаңның маманысың. Сен жерде қалмайсың, айналайын. Мен сенің аузыңа түкірдім ғой, құйрығыңнан тепкен жоқпын",- деді ол әзілдеп.

Сондай-ақ, Ұлы дала баласы өзінің өсіп келе жатқан қыздары туралы сөз қозғады.

"Енді қандай қыздар болып өсерін кім біледі? Өзің сияқты "дерзкая" болып, қайтпай тұрса, мүмкін ол да керек шығар. Мысалы, сен болмағанда біздің киноға кім түсетін еді?", -деді Төреғали Мадина Оспановаға.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel