Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрсін Ерман Зайытовтың айтысын бес-ақ минут көрсеткен телеарналарды сөкті

Опубликовано:

Танымал қазақ ақыны, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман қазіргі қазақ телевизиясында цензура мәселесі күшіне мініп тұрғанын ашып айтты. Бұл туралы dalanews хабарлайды.

Фото: ақындардың жеке парақшасы
Фото: ақындардың жеке парақшасы: Facebook

Ол өткен жылы қыркүйекте Алматыдағы Алмалы ауданының 10 жылдығына байланысты айтыс өткізгенін, сол айтысты 14 айдан кейін ғана үзіп-жұлып көрсеткенін айтты.

Ақынның сөзінше, кесіп тастайтындай біреудің шамына тиетін сөз болмаған.

Ол телеарнадағы редакторлық жұмыс кезінде екі ақынды жібергенімен, басшылық өз білгендерін жасағанын жеткізді.

Жүрсін Ерман өткен жылы қазан айында өткен Астанадағы халықаралық айтыс та цензураның салдарынан көгілдір экраннан көрсетілмегенін алға тартты.

Ол "Алтын домбыра" айтысындағы Ринат Зайытовтың сөзін қиып тастаған телеарналарға деген ренішін білдірді.

"Алтын домбыра" айтысын кесіп-кесіп, клипке айналдырып тастапты. Ринаттың айтысының 5 минутын ғана беріпті", - деді айтыс жанашыры.

Ақынның сөзінше, цензура телеарнаның ішінде отыр.

Ол министрлік тарапынан "кесіңдер, пішіңдер" деген пәрмен болмағанын айтады.

Жүрсін Ерман редакторлардың көлеңкеден қорқамын деп, сөз өнерінің сәнін кетіргенін жасырмады.

Еске сала кетсек, Жүрсін Ерман елімізде жік-жікке бөлініп, домбыраны "харам" деп санайтын ақындардың бар екендігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781919-zrsin-erman-zajytovty-ajtysyn-bes-ak-minut-krsetken-telearnalardy-skti/

pixel