RU
Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында ата-енесі ән шырқап берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында ата-енесі ән шырқап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Наурыз айының алғашқы демалысында ұзатылған Айсәуле Бақытбектің тойы дүркіреп өтті. Қазақ өнерінің майталмандары жиналған кеш кішігірім концертке айналған. Тойда келін атанған Айсәуленің ата-енесі құдаларымен бірге жастарға арнап ән шырқады деп хабарлайды GakkuNews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кеш оңтүстік астананың қымбат мейрамханаларының бірінде өтті. Қалыңдық өзінің мүлде қобалжымағанын айтты.

"Менде ешқандай қобалжу болған жоқ. Бұл біздің бес жыл кездескенімізге байланысты шығар. Отбасыларымыз да бір-бірін жақсы таниды. Мен өте бақыттымын. Бұл - менің күнім. Осындай керемет той жасап берген анама алғысым шексіз", - деді Айсәуле.

Той көйлегінің дизайнын Айсәуле мен анасы өздері жасап шығарған.

"Көйлекті анам екеуіміз ойлап шығардық. Оны Arunaz Atelier-мен бірге жасадық. Көйлек бір ай бойы тігілді. Көйлектегі әрбір тас қолмен тігілген. Ол менің көңілімнен шықты", - деп Айсәуле ағынан жарылды.

Тойда түрлі тосынсыйлар да болды. Айсәуленің інілері мен сіңлілері қуанш иелеріне ән арнады.

Сондай-ақ, жас жұбайлардың ата-аналары да жастарға ақ тілектерін жолдап, ән шырқап берді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel