RU
Ақтөбеде екі аяғы үсіп кеткен науқастың туыстары табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде екі аяғы үсіп кеткен науқастың туыстары табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 3 ай бойы ауруханада жатқан 30 жастағы ер азаматтың туыстары іздестірілуде. Бұл туралы Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Мой город

Фото: Мой город

Дәрігерлер емделушінің туыстарын іздестіріп жатыр.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, 30 жастағы ер азамат аты-жөні мен жасын ғана айтады. Ал басқа сұрақтарға жауап бермейтін көрінеді.

Дәрігерлер өткен жылы желтоқсан айында Тимур Бахитов екі аяғы үсіп, травматология бөліміне түскенін айтты.

Емделушіні қаңтар айының ортасында басқа бөлімге ауыстырған.

Дәрігерлер емделушінің жақында Жем қаласындағы колонияда жазасын өтеп шыққанын анықтапты.

"Қазіргі уақытта туыстарының нөмірлері өшіріліп тұр. Ол тек аты-жөнін ғана айтады. Науқас туралы басқа ақпарат білмейміз", - деді дәрігерлер.

Олардың сөзінше, Тимурдың емдік курсы толығымен аяқталған. Сол себепті науқастың жақындарын белсенді іздестіріп жатқандарын алға тартты.

Дәрігерлер жақын уақытта туыстары табылмаса, жігіттің мүгедектер үйіне жіберілетінін жеткізді.

"Емделушіні танитындар болса, Ақтөбе қаласындағы 56 49 75 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз", - деді олар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel