RU
Қазан қайнатып, ыдыс жуатын маңғыстаулық жігіттер көпшіліктің намысына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Қазан қайнатып, ыдыс жуатын маңғыстаулық жігіттер көпшіліктің намысына тиді

Рассказать Вконтакте

Той-жиындарда қазан-ошақтың басында жүріп, ыдыс жуатын маңғыстаулық жігіттер көпшіліктің намысына тиді. Бұл ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларда тараған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Атамның басы-ай

Фото: Facebook/ Атамның басы-ай

Желідегі топта пайда болған жазбада маңғыстаулық жігіттердің қазан қайнатып, ыдыс жуғаны ерсі көрінетіні айтылған.

"Қазір Маңғыстауда садақада, тойларда ошақ басында соқталдай жігіттер от жағып, қазан асып, шай қайнатып, етке нан салып, ошақ басындағы табақтарды, ыдыс-аяқтарды жуып жүреді. Жаңаөзен мен Қызылтөбедегі садақа тойларға барсаң, ет жеп болғаннан кейін жігіттер табақтағы сорпаны кесемен құйып беріп отырады. Сорпа беру келіндердің шаруасы емес пе?", -деп жазылған онда.

Олар қазан, ошаққа ер адамның араласуы жалпы қазақтың, Маңғыстаудың салт-дәстүріне жат екенін алға тартты.

"Ер азаматтардың міндеті - малды сойып, жіліктеп қазанға салатындай етіп дайындап, ошақты орнатып, қазанды құрып, суын әкеліп, ағаш отынын жарып берсе болмай ма? Қалған шаруаны келіндер жасамай ма? Енді ер адамдар әйелдердің қазанын тартып алып жүрмесін", -делінген жазбада.
Фото: Скриншот Facebook

Фото: Скриншот Facebook

Сіздің реакцияңыз
40
2
2
4
6
29
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel