RU
Жүрсін Ерман Зайытовты айтысқа қатыстырғысы келмейтіндер туралы ашық айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жүрсін Ерман Зайытовты айтысқа қатыстырғысы келмейтіндер туралы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақ айтысының жанашыры Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың Астанада өткен айтыста бас жүлдені даусыз жеңіп алғанын айтты. Сондай-ақ, ол белгілі айтыскерді додаға қатыстырғысы келмейтіндердің де бар екенін жасырмады. Бұл туралы dalanews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: clipgg.com, news.ivest.kz

Фото: clipgg.com, news.ivest.kz

"Біздің кейбір үлкен қалалар мен облыстардағы айтыстарға "Ринат Зайытов пен Айбек Қалиев қатыспасын" деген талап қойылады. Өйткені, осы ақындар бірдеме айтып қойса, салқыны өзімізге тиеді деп қорқады", - дейді айтыс жанашыры.

Сондайақ, Жүрсін Ерман Астанадағы айтысқа Ринат Зайытовты қатыстырғысы келмейтіндердің бар екенін алға тартты.

"Мысалы, алдағы айларда Астанада өтетін айтысқа Ринат, Айбек, Бекарысты әкелмеңіз деген ескерту хат алдым. Міне, көрем десеңіз, ұялы телефонымда тұр", - дейді ол.

Жүрсін Ерманның сөзінше, қазақ айтысына қолдау білдіретін шенеуніктер жоқ емес. Нұрлан Ноғаев бастаған бұл тізімде Бердібек Сапарбаев, Бауыржан Байбек, Алтай Көлгінов пен Қырымбек Көшербаев секілді атқамінерлер бар. Олар айтысқа тек қаржы құйып қана қоймай, өздері де келіп, тамашалап қайтады екен.

Ал Астанада айтыс өтсе, елордалық шенеуніктер тіпті, қарасын көрсетпейтін көрінеді.

"Астанада айтыс өтсе, парламенттегі депутаттарға, министрліктегі ақжағалыларға жүздеген билет таратылады. Мен "Олар айтысқа келмейді. Әуре болмаңдар" деймін. Айтқанымдай, ол жақтан ешкім келмейді. Келсе, сөз тиюі мүмкін?", - дейді Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман Зайытовтың айтысын бес-ақ минут көрсететін телеарналарды сөгіп тастады.

Сіздің реакцияңыз
17
1
1
11
5
35
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel