RU
Шымкентте әйелін сыра әкелмегені үшін сабап өлтірген жігіт 12 жылға сотталды

Шымкентте әйелін сыра әкелмегені үшін сабап өлтірген жігіт 12 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте азаматтық некедегі әйелін сыра әкеліп бермегені үшін өлтірген 30 жастағы азамат 12 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте әйелін сыра әкелмегені үшін сабап өлтірген жігіт 12 жылға сотталды

Көрнекі фото:Bloknot-moldova.md

Қанды оқиға 2018 жылдың жазында Шымкенттегі Қайнарбұлақ елдімекенінде болған.

Араққа сылқия тойған жігіт азаматтық некедегі әйелін сыраға жұмсапты. Ер азаматының тілегін орындағысы келмеген әйелі екеуі жанжалдасып, отыз жастағы отағасы әйелін ұрып тастаған.

Келіншек алған жарақаттарынан көз жұмады.

Оқиға болған күні үйде әпкесіне қонаққа келген жәбірленуші әйелдің кішкентай туыс сіңлісі болған.

Азаматтық некедегі екеудің жастары бірге толмаған егіз сәбиі болған. Емізулі күйінде анасынан айырылған бүлдіршіндер жақын туыстары болмағанына байланысты қорғаншылық органдар шешімімен Шымкент қаласындағы бөбектер үйіне жіберілді.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен Е.Е.қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
8
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel