Выйти
RU

Асқар Мамин жаңа лауазымға ие болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин "Байтерек" ұлттық холдингі директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мамин

Асқар Мамин: UGC

Қазақстандық қор биржасының ақпараты бойынша, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. 

Кеңес құрамынан төраға Бақытжан Сағынтаев пен директорлар кеңесінің мүшелері Ерболат Досаев, Әлихан Сымайлов, Тимур Сүлейменов, Жеңіс Қасымбек шығарылды. 

Олардың орнына жаңа лауазым иелері тағайындалды.

Асқар Мамин директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланды.

Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов және Роман Скляр кеңес мүшесі атанды.

Қазіргі уақытта кеңес 10 адамнан тұрады: Асқар Мамин, Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Айдар Әріпханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асқар Мамин жаңа лауазымға ие болды