RU
Төреғалиді ән-бимен күтіп алған атыраулықтар жұртты тамсандырды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғалиді ән-бимен күтіп алған атыраулықтар жұртты тамсандырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана ұлды болған Төреғали Төреәліні Атырау халқы үлкен қошеметпен қарсы алды. 5 наурыз күні қалада концерт беретін әншіге тыңдарманы ән-күй арнап, қошеметке бөлеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншіні пойыздан күтіп алған видео желідегі @torefandar парақшасында шыққан.

Бейнежазбадан бір топ тыңдармандар жол жүріп, шаршап келген әншіге ән айтып, би билеп жатқанын аңғаруға болады. Олар Төреғалидің репертуарындағы "До-ре-ми" әнін баянмен, домбырамен қосыла орындап, сахна серісіне қымыз да ұсынған.

Видео кадрларынан пойыз алдында қазақша киім киген қыздардың тұрғаны да байқалады.

Бұл Атырау жұртының сүйікті әншілеріне деген ыстық ықыласы болса керек.

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
1
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel