RU
Айгүл Иманбаеваның шетелдік азаматқа тұрмысқа шығатыны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаеваның шетелдік азаматқа тұрмысқа шығатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы тұрмысқа шығатынын айтқан Айгүл Иманбаева шетел тілін үйреніп жүр. Әнші тіл үйренуінің себебін той үстінде мәлім ететінін жеткізді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

40 жастан асқан шағында білім алуға кіріскен әнші өзінің жан сырымен бөлісті.

"Балам қазір ағылшынша ойланып, сол тілде жазады. Бұрын күнделігін ұрланып оқитын едім. Қазір ол да жоқ. Сондықтан тіл керек. Тілді үйренуімнің негізгі себебін тойда айтамын. Әзірге тіл үйрене тұр", - деді Айгүл Иманбаева бағдарлама жүргізушісіне.

Сондай-ақ әнші шетел тілін үйренудің өзіне қаншалықты ауыр тиіп жатқанын жеткізді.

"Құлшыныс, ниет күшті болғасын шығар. Тіпті қиналып жатқаным жоқ. Сабағымды жібергім келмейді. Астанаға кетсем, онлайн оқимын. Ниеттенсең, алынбайтын қамал жоқ сияқты.
Ағылшын тілі бұл әлемдік тіл. Өйткені, ең оңай тіл. Неге қытай тілі немесе орыс тілі әлемдік болмайды? Неге хинди емес? Өйткені, екі сөзбен барлық мағынаны жеткізуге болады. Мен соны енді түсіндім", - деп ағынан жарылды әнші.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
4
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel