RU
Тәжік қызының сұлулығына ресейліктер таңдай қақты (фото, видео)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Тәжік қызының сұлулығына ресейліктер таңдай қақты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның 20 жастағы аруы Нилуфар Рафиева Ресейде өткен "Краса народов земли Владимирской" байқауында бас жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды Аkhbor сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәжік қызының сұлулығы ресейліктерді таңырқатты

Фото:Аkhbor-rus.com

Байқаудың ақтық сайысы үшінші наурыз күні Владимир қаласында өткен. Байқауға бірнеше мемлекет өкілдері және Ресей аймақтарынан арулар қатысқан.

Байқау екі кезеңнен тұрған. Нилуфар бірінші кезеңде интернет-дауыс беруден екінші орын алған.

Алайда екінші кезеңде бар қабілеттерін көрсетіп, қазылар алқасын тәнті ете білген.

Тәжік қызының сұлулығы ресейліктерді таңырқатты

Фото: akhbor-rus.com

Жүргізуші жеңімпазды есімін атамай тұрып, залға жиналған жұртшылық "Нилуфар, Нилуфар" деп айғайлаған.

Айта кетейік, Нилуфар Рафиева 1998 жылы үшінші сәуірде Душанбе қаласында дүниеге келген, бірақ Худжандта өскен. Бүгінде ол Владимирскдегі мемлекеттік университтің психология факультетінде оқиды.

Нилуфардың анасы танымал тәжік журналисті Мавлуда Рафиева.

Сіздің реакцияңыз
5
3
0
0
2
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel