RU
Атышулы өзбек миллиардері халқының жағдайын жақсарту үшін 50 млн доллар берді
Жаңалықтар Әлемде

Атышулы өзбек миллиардері халқының жағдайын жақсарту үшін 50 млн доллар берді

Рассказать Вконтакте

Өзбек миллиардері Алишер Усманов Наманган облысына қаржылай көмек көрсетпек болып, 50 миллион көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпкердің бұл жомарттығы туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді деп хабарлайды ca-news.org cілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Uznews.uz Коллаж: NUR.KZ

Фото: Uznews.uz Коллаж: NUR.KZ

Наманган облысына іс-сапарымен барған президент Усмановтың жергілікті халықтың жағдайы үшін 50 млн қаржы бергенін айтты.

"Алишер Усманов маған ұсыныс жасады. Ол Наманган облысының дамуы үшін 50 млн АҚШ долларын беретінін айтты. Мен ашық айтайын ол ақша Ташкентке келіп жетті. Біз мұндай отандастарымызбен мақтануымыз қажет" , - деп ағынан жарылды Мирзиёев.

Оған қоса, президент Наманган қаласында Алишер Усмановтың атымен жастар орталығы ашылатынын хабарлады. Ол жерде шетелдік мамандар жастар қауымын бизнеске үйрететінін жеткізді.

Айта кетейік, Алишер Усманов Наманган облысындағы Чуст қаласының тумасы. Ол 2018 жылы Forbes тізімінің ең бай адамдарының ішінде 118 орынды иеленген.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
55
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel