RU
Гүлзира Айдарбекова шетелде жиі демалатынын айтып, мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова шетелде жиі демалатынын айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова шетелге жиі демалатынын айтып мақтанды. Әнші ұлын емдету үшін алғашында Германияға сапар шеккен деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Негізі мен өте көп шықтым. Жылда шетелден Түркия мен Дубай, Таиланд секілді үш жерге баратынмын. Биыл өзі Украинадан басталды. Одан кейін Американың Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Вашингтон қалаларында болдым. Сосын Германияда үш апта жаттық. Одан кейін Дубайда бір жеті тұрақтап, Меккеге аттандық", - дейді хитменнің анасы.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, олар Германияға ұлын емдету үшін барған.

"Қайратқа Қазақстанда емделу мүмкін емес екен. Сұрастырып, Германияның емделуге жер екенін естідім. Сосын ештеңеге қарамай, Германияға алып кеттім. Алғашқы аптасында жақсы емдеу орталығын іздедік.
Солай жүріп, үш аптаның қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық. Жақсы жағынан өзгерістер бар. Ол жақта ешқайда шыға алмайды. Беймарал емделіп жатты. Ойы тыныш болсын деп, Жұлдызды да ала кеттік", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпан күні Қайрат Нұртас 30 жасқа толды.

Әнші туған күнінде Алматының ең қымбат мейрамханасында жақындары мен дос-жаранына ақ дастархан жайды.

Сіздің реакцияңыз
17
1
2
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel