RU
Бекжан Тұрыс құран оқылғанда басына майлық жаба салатын әйелдерді сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Бекжан Тұрыс құран оқылғанда басына майлық жаба салатын әйелдерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Бекжан Тұрыс қазіргі қоғамда дәстүрді сыйлау ұмтылып бар жатқанын айтып, өзінің ішкі күйініштерін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекжан Тұрыс. Фото актердің facebook парқшасынан алынды

Бекжан Тұрыс. Фото актердің facebook парқшасынан алынды

Актер өзінің елге ой салар жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

"Кез келген елдің дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы сол елдің ұлттық қасиеті мен ұлттық құндылығы болып табылады. Біз сол ұлтты ұлылыққа бастайтын дәстүрлік сипатты ұмытпаған ел едік. Әлімсақтан бері дін мен дәстүрді үйлестіріп үйлесімді өмір сүрген өнегелі ұлт едік! Иманымыз бекем, амалымыз нық болатын. Ал бүгін ше? Басқа – басқа, бөлінбеген еншіміз – дастарқанды құрметтемеуді қай кезден ұмыттық? Дәм-тұздан аттамауды білетін қазақ Құранға ұйымауды неге естен шығарды?
"Біз – бата берілмей асқа қол салмауды үйренген һәм үлкен мектеп көрген ұрпақпыз. Аталарымыз бата беріп, алдымен солар астан ауыз тигеннен соң ғана дәмге қол созатын едік. Жасына қарай төрге оздырып, жағына қарай сөйлейтін қазақпыз! Бірақ қашаннан бері қазақ баласы, тойдың дастарқанын былай қойғанда, қазаға арналған дәмді құрметтемей, Құран бағышталмай тұрып, бірден дәмді бас салып, ішіп-жеуді бастайтын болған?", - деп күйінген актер Құран оқылып жатқанда орнынан тұрып, ары-бері жүретіндерді де айтты.
"Үлкеннен кінә іздейін десең, бәрі де ауылдан шыққан, ата-әженің тәрбиесін көргендер, қалалық болғандары мұнда ғана. Кішіні кінәлайын десең, алдыңғы буын – үлкеннің көрсетіп отырғаны мынау. Қателік қайдан кетті?", - деп сұрады Бекжан Тұрыс.

Сонымен қатар әртіс "Қазаның жолы –жіңішке, аруақтың орны – биікте" деп аруағын ардақтаған ел, енді аруақ сыйламайтын болғанын айтып қынжылды.

"Басы қаралы, жүрегі жаралы, қаза қабырғасына батқан жанның өтінішімен дастарқанның тізгінін ұстайтын сондай сәттерде байқағаным – дастарқанға отыра сап, алдындағы асты асығыс қарбытып, ішіп-жеуді бастап кететіндер, Құран үнін ұйып тыңдау былай тұрсын, имамның дауысы естілгенде алдында тұрған салфетка қағазды жалма-жан басына жабатын әйелдер... Осындай өте сүйкімсіз әрі өрескел ерсі көріністерге жаным ауырғаннан арасында ескертіп айтқан кездерім болды.
"Әлгіндей әйел заты қайтып ене атанып, қандай әже болмақ" деген ойға қалам. Ұлттың болашағы әйелдің қолында болғанымен, тағдыры – ер-азаматтың уысында. Ендеше дастарқан сыйлауды, дәм аттамауды, ас пен той иесін құрметтеуді, салтты сақтап, дәстүрді дәріптеуді ең бірінші бүгін өзімізден бастамасақ, ертең кешігеміз. Ұлтқа еңбек ету, ұрпаққа ұлттық қасиетті ұқтыру – сіз бен біздің міндетіміз! ", - деп сөзін қорытындылады Бекжан Тұрыс.

Сіздің реакцияңыз
2
1
4
0
2
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel