RU
Әйтімова желіде таралған аудиохабарламаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Әйтімова желіде таралған аудиохабарламаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде көмек сұрайтын көпбалалы аналардың әрекетін қ сынға дыбыстық хабарлама таралуда. Аудио хабарламада сенатор Бірғаным Әйтімованың суреті жүр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйтімова желіде таралған аудиохабарламаға қатысты пікір білдірді

Фото: parlam.kz

Бұл жайында естіген депутат пікір білдіруді жөн көрген.

"Ондай менің ойыма да кіріп-шыққан емес, себебі мен де көпбалалы отбасынан шыққанмын. Біз - төртеуміз. Бұл жалған және маған еш қатысы жоқ, ойша болсын, сөзбен болсын мұндай болуы мүмкін емес. Ашулы екенім рас. Мен оның кім екенін білмеймін, оның кімге керек болғанын да түсінбеймін", - дейді Әйтімова.

Сенат депутаты бұған дейін көпбалалы отбасыларға көрсетілген көмектің аз болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, енді мәселеге ерекше мән беріліп, елімізде алғаш рет әр отбасының әлеуметтік картасы жасалып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, мүгедек адамы бар отбасылар көмек көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз
15
0
2
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel