RU
Тікелей эфир кезінде бір-бірінің үстіне жатып ойнаған жастар елден оңбай сөз естіді
Жаңалықтар Қоғам

Тікелей эфир кезінде бір-бірінің үстіне жатып ойнаған жастар елден оңбай сөз естіді

Рассказать Вконтакте

Желіде жастардың бір-бірінің үстіне жатып ойнаған видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік қыз-жігіттіердің бұл қылығын асқан тәрбиесіздік деп бағалап, оларды аяусыз сынап тастады. Анықталғандай, бұл жағдай отандық бағдарламаның тікелей эфирі кезінде болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

"Кел келінім" бағдарламасы барысында ең төзімді қатысушыны анықтау мақсатында, арнайы ойын ұйымдастырылған. Оған сәйкес, жастар бір-бірінің үстіне жатып, сол қалыпта барынша ұзақ тұруға тырысуы қажет.

Өздеріне аса қызық әрі күлкілі болып көрінген ойын желі оқырмандарының көңілінен мүлде шыға қоймаған. Ашуға булыққан халық жастарға қатысты керағар пікірлерді жаудырып, олардың асқан тәрбиесіздік танытып жатқанын бетіне басқан.

"Айтарға сөзім жоқ. Ұят" , "Болашақ келіндер тәрбиелеп жатырмыз деп қалай айтады осыдан кейін" , "Сұмдық жағдай, жаға ұстады деген осы болар. Ұяттан жерге кіріп кете жаздап отырмын мыналарға қарап" ,
"Масқара енді жетпей тұрғаны осы болды" , "Бағдарлама түкке тұрғысыз" , "Не тәрбие беріп жатыр", деп желі қолданушылары пікірлерін қарша боратты.

Сіздің реакцияңыз
73
3
5
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel