RU
Роза Рымбаева Әли Оқаповты босанарда бір ажалдан аман қалған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева Әли Оқаповты босанарда бір ажалдан аман қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Халық әртісі Роза Рымбаева NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасына келіп, еш жерде айтылмаған жан сырымен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, ол Әли Оқаповты босанар сәтте бір өлімнен аман қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші тұңғышы Әли Оқаповты 33 жасында өмірге әкелсе, кенжесі Мәдиді 43 жасында босанған.

"Кіші ұлым Мәди менің көшірмем. Ол да көзілдірік тағады. Ең қатты бақытты болған шағым - екі балам өмірге келген кез. Әли дүниеге келгенде бүкіл қазақ халқы қуанды. Себебі менде ұзақ уақыт бала болмады. Әлиді 33-ке келгенде босандым. Одан кейін Мәдиді 43 жасымда өмірге әкелдім.
Екеуін де отамен босандым. Бірінші баламнан кейін бір өлімнен қалғанмын. Содан маған ота жасаған дәрігерім "Роза сен бес жылға дейін бала таппай тұра тұр. Сенің ағзаң, денсаулығың шыдамайды" деп айтты.
Бес емес тоғыз жылдан кейін Мәдиді де отамен босан. Онда да бір өлімнен қалдым. Сондықтан екі балам маған үлкен қиыншылықпен келді. Екеуі менің екі қанатым. Құдайдан сұрап алған балаларым ғой", - деді ағынан жарылған Роза Қуанышқызы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
5
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel