RU
"Алты айлап кетеді": Күйеуінің опасыздығына шыдап жүрген әйел мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Алты айлап кетеді": Күйеуінің опасыздығына шыдап жүрген әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Жұбайының толассыз опасыздығына баласы үшін шыдап жүрген келіншек жанайқайын жеткізді. Ол күйеуінің өзгені сүйетінін айтып және алты айлап кетіп қалатынын айтып берді деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Бағдарламаға келген 27 жастағы келіншек отбасылық өмірінде орын алған жағдайды айтып берген. Ол жолдасының ашық түрде көңілдесімен тұрғысы келетінін айтып, отбасын тастап кететінін жеткізді. Алайда, қыдырып болған соң отағасы қайта өз отбасына оралып тұруды әдет қылған. Әйел адам оны ұлы үшін үнемі кешіретінін мойындады.

"Бір жыл бала көтере алмай жүрдім. Сол кезде басталды оның жүрістері. Бастапқыда ұялы телефон арқылы ұстап алғанмын. Түрлі қыздармен сөйлесетін болып шықты. Бірақ енді қайталанбайтынын айтып, сендіртетін. Кешірім сұрап, біраз уақытқа қоятын. Алайда, кейіннен қайта әдетіне баса бастады.
Содан кейін, тіптен ашық түрде басқаны сүйемін деп үйден кетіп қала бастады. Басқа қызбен тұрамын деп алты айға кетіп қалған кезі де болды. Баламның әкесі болғандықтан мен оны қайта қабылдауға мәжбүрмін. Ол бірнеше рет үйден солай кетті.
Себебін де білмеймін. Мүмкін алғашық махаббатын ұмыта алмай жүрген шығар. Менен кінә жоқ деп ойламын, келгенде тамағы дайын, үй жинаулы. Басын қатырмаймын, тек өзі жүргіш" , - дейді жас ана.

Сіздің реакцияңыз
21
3
6
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel