RU
Көпбалалы отбасылар үшін пәтерлер 8,4 млн теңгеден басталмақ
Жаңалықтар Қоғам

Көпбалалы отбасылар үшін пәтерлер 8,4 млн теңгеден басталмақ

Рассказать Вконтакте

Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитеті көпбалалы отбасылар үшін арналған пәтерлердің бағасы қандай болатынын айтты. Олардың құны 8,4 млн теңгеден басталмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zavereno.com

Фото: zavereno.com

2%-дық ипотекаға салынатын үйлердің бағасы 60 шаршы метрге 140 мың теңгеден келген.

Құрылыс істері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің басшысы әкімшілікте кезекте тұрған 487 мың отбасылардың 28 мыңы көпбалалы екенін мәлімдеді. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш.

Анықталғандай, көптеген көпбалалы аналар басқа тізімге кезекке тұрған. Олар мемлекеттік қызметкерлер, мүгедектер мен толық емес отбасы кезегіне тіркелгені белгілі болды.

Енді жалпы кезектен бөлініп шыққан 28 мың отбасы 2 пайыздық ипотекаға берілетін бірінші иегерлері аталмақ. Алдағы жеті жылда 42 мың пәтер салу жоспарлануда.

"Пәтерлердің бағасы шамамен 8,4 млн теңгеден басталмақ. Ол 60 шаршы метріне 140 мың теңге өлшемімен есептелетін болады" , - деді Мархабат Жайымбетов.

Оған қоса, пәтер бағасының 10%-ын әкімшілік беретін тұрғын үй сертификаттарымен төлеуге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel