Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ ауа ластануынан жылына 7 млн адамның қайтыс болатынын мәлім етті

Опубликовано:

БҰҰ әлемнің алып қалаларында жыл сайын ауа ластануынан жеті млн адамның қайтыс болатынын мәлім етті деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:gismeteo.by
Фото:gismeteo.by: Instagram

Бұл жайында БҰҰ-ның қоршаған ортаға қатысты арнайы сарапшысы айтты.

Дэвид Бойд осы тақырыптағы кезекті баяндамасын 4 наурыз күні Адам құқықтары жөніндегі кеңеске ұсынды.

Сарапшының айтуынша, ауаның ластануы вирусты аурулар мен жүрек дертін, инсульт пен өкпе обырын күшейткен.

Сондай-ақ ауа ластануының әйелдердің бала көтеруіне де кері әсер ететіні анықталған.

Ал әлемді алаңдатқан ауа ластануы балаларда демікпе мен өкпе жеткіліксіздігін тудырады екен.

Ауасы лас экологиялық аймақтарда өмірге келген сәбилерден диабетке шалдығу мен бой өсуінің тежелуі, семіздік пен ақыл-есінің кемшілігі секілді дерттер жиі байқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782051-b-aua-lastanuynan-zylyna-7-mln-adamny-kajtys-bolatynyn-mlim-etti/

pixel