RU
Астанада болашақ күйеуінің "стриптиз" билейтінін білген ару оны тастап кетті

Астанада болашақ күйеуінің "стриптиз" билейтінін білген ару оны тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Астаналық Аружан есімді бойжеткен биыл жазда қалыңдық атанып, сүйген жігітімен шаңырақ көтермек болған. Алайда жігітінің арнайы кештерге барып, "стриптиз" билейтінін білгенде, студент қыз аталған шешімінен бас тартқан. Бойжеткен өзінің махаббат хикаясын KAZ.NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

Көрнекі фото: samaraartists.ucoz.ru

Көрнекі фото: samaraartists.ucoz.ru

Аружан есімді бойжеткен Астанадағы белді университеттердің бірінде білім алады. Ару биыл жазда тұрмыс құрып, сүйгені Расулдың туған жері Көкшетауға қоныс аудармақ болған екен.

Алайда жас қыздың отбасылық өмірі басталмай жатып, аяқталған көрінеді. Аружан кездейсоқ жерден сүйіктісінің арнайы кештерге барып, "стриптиз" билейтінін біліп қалған. Осылайша ол аталған шешімінен тез арада бас тартқан екен.

"Өзім Ақмола облысының Атбасар ауданында туып өстім. Жігітім Көкшетау жақтан. Қаладағы дәмханалардың бірінде танысып, биыл үйленеміз бе деген ойымыз болған. Алайда "ақ көйлек киіп, қалыңдық атанамын" деген арманымның бір-ақ күнді күл-талқаны шықты. Бұрынғы жігітім Расул "қызойнақтарға" барып, "стриптиз" билейтін жігіттердің қатарынан болып шықты. Оны қалай біліп алдым дейсіздер ғой? Бірде телефонына белгісіз бір бойжеткеннің қоңырау шалғанын естідім.

Ол телефонның ар жағынан "Бізге алдында стриптиз билегенсіз, тағы да шақырайық деп едік, келе аласыз ба?" деген дауысты естідім. Төбемнен жай түскендей болды.

Сол жерде шу шығарып, "болған жайттың өтірік екенін айтшы" деп жалындым. Бірақ Расул ешқандай жауап қата алмады, тек өз-өзін ақтаумен, бәрі мен үшін жасалғанын, осылай ақша тауып жүргенін айтып, кешірім сұраумен болды. Өкініштісі мен оны кешіре алмадым. Қазір жолымыз екі айырылды. Ол әлі де Астанада екенінен хабардармын, бірақ сол кештен кейін бір-бірімізбен сол күйі кездеспедік", - дейді ару.

Өз сөзінде бойжеткен ерлерге "стриптиз" билеп ақша табу – азаматқа жараспайтын әрекет екенін айтты.

"Әйел адамдар билесе бір сәрі, бірақ ер адамның билеп ақша тапқанын қалай түсінесіздер? Жай би емес, әйелдер жалдап билететін, стриптиз биі. Өте жиіркенішті. Жарайды үйленіп, балалы болдық дейік. Сонда балаларына "әкең стриптиз билеп, ақша табады" деп қалай айтатын едім. Бәрінен бұрын, оның өтірік айтып, осынша уақыт бойы мені алдағаны жаным батып кетті. Расулды ешқашан кешірмеспін", - дейді ару.
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
5
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel