RU
Оралда 23 жастағы бойжеткен өз пәтерінде газға тұншығып өлмек болды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 23 жастағы бойжеткен өз пәтерінде газға тұншығып өлмек болды

Рассказать Вконтакте

Оралда көп қабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен газға тұншығып, өзіне қол салмақ болған. Жас қыздың қоштасу хатын оқыған құрбысы дереу құтқарушыларды шақырып, оны аман алып қалған деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:capost.media

Фото:capost.media

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоңырау келіп түскен бойда үш құтқарушы оқиға орнына келіп жеткен. Олар ішінен құлыпталған үйдің есігін бұзып кіреді.

Ал өзін өлтірмек болған бойжеткенді еденде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған.

Құтқарушылардың бірі зардап шегушіні таза ауаға шығарған.

Сондай-ақ қызды құтқаруға полиция мен ақ халаттылар да атсалысқан.

Сәлден соң есін жинаған бойжеткен ауруханаға жеткізілді. 23 жастағы арудың қатты уайымға салынған құрбысына да алғашқы көмек көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel