RU
Сапарбаев әлеуметтік көмек кімдерге төленбейтінін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сапарбаев әлеуметтік көмек кімдерге төленбейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Бердібек Сапарбаев әлеуметтік көмекке кімдердің ілінбейтінін айтты. Министрдің сөзінше, адам басына шаққандағы кірісі 20 789 теңгеден сәл асып кетсе, бұл отбасы тұрмысы төмендер қатарына кірмейді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында тілші Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне:

"Отбасының жан басына шаққандағы кірісі 20 789 теңгеден 10-15 теңгеге асып кетсе, бұл азаматтар тұрмысы нашар отбасы санатына кірмей қала ма?", - деп сұрақ қойған.

Бұған жауап берген министр бәрі заңға сәйкес жүзеге асатынын атап өтті.

"Кірмей қалады, себебі тәртіп солай. Солай деп белгіленген. 20 789 теңге, одан аспау керек. Ал егер асып кетсе, төленбейді", - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, осы жылдың 1 шілдесінен бастап атаулы әлеуметтік көмек критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтерілмек.

Яғни 14 мың 849 теңгеден 20 мың 789 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 мың 698 теңге.

Атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын азаматтар саны қазіргі 570 мыңнан 830 мың азаматқа дейін көбейе түспек.

Сіздің реакцияңыз
39
0
3
2
6
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel