RU
Жамбыл облысында үйіне ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын құрықталды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында үйіне ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын құрықталды

Рассказать Вконтакте

Үйіне ірі көлемде есірткі жасырған Жамбыл облысының тұрғыны тұтқындалды. Екі күннің ішінде жалпы көлемі 9 келіден аса есірткі тәркіленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ІІМ ақпаратына сілтеме жасап.

Мойынқұм ауданы тұрғынының үйінен жалпы салмағы 3 келі 191 грамм, 4 полиэтиленге буылған героин табылған. Тінту жүргізген облыстық полиция департаментінің қызметкерлі героиннен бөлек 30 грамм марихуананы да тәркілепті.

Ал Астаналық полицейлер көшедегі көлікті тексеру кезінде 3 келі, 268 грамм горшечникті алып кетіп бара жатқан жүргізуші тұтқындады.  

Ал тағы бір қала тұрғынынан екі жарым келідей есірткі тәркіленген.

«Күдіктілердің  барлығы уақытша қамау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel