RU
Қапшағайдағы түрме тұтқындары қарауылдағы сарбазға шабуылдаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қапшағайдағы түрме тұтқындары қарауылдағы сарбазға шабуылдаған

Рассказать Вконтакте

Қапшағай қаласындағы түзету мекемесінің бірінде тұтқындар кезекшілікте тұрған  қарауылды жаралады деп хабарлайды KZ.NUR.KZ тілшісі ІІМ ақпаратына сілтеме жасап. 

ппппп

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Қоршау сыртынан белгісіз біреу жазасын өтеушілерге тыйым салынған заттарды лақтырған. Ал сол сәтте сыртта серуенде жүрген үш тұтқын әлгі заттарды қарауылдың қарсылығына қарамай алмақ болады.  

Ескертпені елемеген тұтқындар сол сәтте Ұлттық ұланның сарбазын жаралаған. Түрлі дене жарақаттарын алған сарбаз жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Ал оқиға орнына келіп жеткен арнайы жасақ күш қолдану арқылы тәртіпке бағынбаған тұтқындарды ұстап, арнайы изоляторларға қамаған.  

Қысқаша ғана ақпарат тартқан Ішкі істер министрлігінің өкілі оқиғаның өзге эпизодтары тергеуге байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.  

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel