RU
Биыл ҰБТ форматы өзгере ме?
Жаңалықтар Қоғам

Биыл ҰБТ форматы өзгере ме?

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын өзгертпейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:qamshy.kz

Фото:qamshy.kz

Жаңа тағайындалған министрдің сөзінше, балалардың одан әрі күйзеліске түсірудің қажеті жоқ, сондықтан ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгертілмейді.

"Біз бүгін бірдеңе өзгертеміз деп айтпаймыз. Балаларымыз мектеп бітіреді. Емтиханын тапсырады. Оларды одан әрі күйзеліске түсірудің қажеті жоқ.
Бірақ оқушылардың 11 жыл бойы алған білімін бағалау үшін сұрақтардың мазмұнын жетілдіру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз", - деді үкіметте өткен баспасөз мәслихатында сөз алған Күләш Шәмшидинова.

Естеріңізге сала кетейік, ЖОО ақылы бөліміне түскісі келетін талапкер жылына төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатыса алады.

Ақылы бөлімде білім алғысы келетін оқушыға қойылатын басты талап - шекті балл жинауы керек.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel