RU
Алып қашып келген қыздың алдынан билеп шыққан бір топ келін жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Алып қашып келген қыздың алдынан билеп шыққан бір топ келін жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде бір топ келіннің флешмоб билегені тарап кетті. Toi_kazakh парақшасынан алып қашып келген бойжеткеннің алдынан билеп шыққан әйелдерді көрген желі қолданушылары жарыса пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан жас қыздың басына ақ орамал жабуға әрекеттенген әжейді байқауға болады.

Өзін бір жігіттің ұстап тұрғанына қарамастан, бойжеткен басына жаулық салдырмауға тырысып бағуда.

Ал осы сәтте жас келінді күткен бір топ келіншектер флешмоб билей жөнелген.

Олардың бұл әрекетін көрген желідегілер ашуға ерік беріп, теріс пікірді қарша боратты.

"Масқара. Алып қашу деген әлі бар ма?", "Қызды еркінен тыс алып келгені көрініп тұр ғой", "Мына келіншектер не үшін флешмоб билеп жатыр?", "Келін көнбей жатса, топырлап билеп жүр".
"Қыз көнбесе, еркінен тыс алып қашуға болмайды", "Мына келіндердің флешмобы күшті екен", "Мынау не сұмдық?", "Келіндердің ауызбіршілігі бар екені көрініп тұр. Тек мына бойжеткенге обал болыпты. Алдымен келісімін сұраса қайтеді екен?" деп желідегілер жарыса жазды.

Айта кетейік, видеоның қайдан түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
23
5
12
4
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel