RU
Әлемде екінші адам ВИЧ-тен емделіп шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Әлемде екінші адам ВИЧ-тен емделіп шықты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания ғалымдары АИТВ жұқтырған адамды емдеп шығарды. "Лондондық науқас" ретінде белгілі ер адам бұл аурудан айыққан әлемдегі екінші адам деп хабарлайды news.mail.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлемде екінші адам АИТВ ауруынан емделді

Көрнекә фото: 24tv.ua

АИТВ дертінен айыққан алғашқы науқас Тимоти Рэй Браун еді, оны "берлиндік науқас" деп атаған. Оған 2007 жылы бағаналық жасушалар орналастырылып, бірнеше жылдан кейін дәрігерлер оның қанынан АИТВ таппаған.

Ал "лондондық науқасты" алғашында үдемелі лимфомадан емдеген. АИТВ шалдыққан науқастар көбіне осы дертке душар болады екен. Дәрігерлер донордан қантүзу бағаналық жасушаларын алып, оларды ауыстырып салған. Бұл жасушалар АИТВ жарғақшасына жабысып, вирустың жасуша бойына таралуына тосқауыл болады.

Мамандардың сөзінше, АИТВ ер адамның бойынан 18 ай бойы анықталмады.

Талдама нәтижелері науқастың ақ қан денелері вирусқа төзімді бола бастаған.

Бұл зерттеудің авторы Равиндра Гупта деген британдық дәрігер. Дәрігер "жазылды" деген сөздің орнына "ауруды тоқтаттық" деп айтып отыр. Себебі, науқастың тек қаны тексерілген, басқа дене мүшелеріне талдама жүргізілмеген.

Бірақ АИТВ бірнеше жылда анықталмайтын болса, "лондондық науқас" әлемде АИТВ дертінен айыққан екінші адам болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel