RU

Допинг дауына іліккен Полторанин алғаш рет мәлімдеме жасады

Алексей Полторанин допинг дауынан кейін үнсіздігін тоқтатып, алғаш рет орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com
Фото: zimbio.com: Depositphotos

Австрияда өткен әлем чемпионатының алдында ұсталған қазақстандық шаңғышы босатылған соң, араға бір апта салып ешқашан допинг қолданбағанын мәлімдеді.

Ол елді шулатқан жағдайда байланысты тіл қатып, халықтан кешірім сұраған.

"Өмірімде ешқашан да допинг қолданған емеспін. Әлем чемпионатында алғаш рет тыйым салынған әдісті қолданып көрмек ой туындады. Алайда, құдайға шүкір олай жасамадым. Сол үшін қатты қуаныштымын. Мен біздің мемлекетке жеңіс алып келіп, жанкүйерлерді қуантқым келді. Мұндай оқиға орын алғаны үшін қатты өкінемін. Барша спортшылардан, спорт сүйер қауым, мемлекет басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын" , - деді ол.

Еске сала кетейік, Алексей Полтораниннің әлем чемпионатының алдында ұсталғаны хабарланған болатын. Допинг дауына ілінген шаңғышы жарыстан да шеттетілген еді.

Австрияда қамауға алынған Полторанин бірнеше күннен соң босап шықты.

Сонымен қатар еліміздің Сыртқы істер министрлігі Полтораниннің байланысқа шығудан бас тартып жатқанын хабарлаған болатын.

Спортшы орын алған жағдайдан кейін Мәскеуге ұшып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782108-doping-dauyna-ilikken-poltoranin-algas-ret-mlimdeme-zasady.html