RU
Түсіңізде адасып кету нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде адасып кету нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Түсіңізде адасып кеткенді әртүрлі жоруға болады. Біреулер мұны жақсылыққа жорыса, енді біреулер оны қиындықтардың нышаны ретінде пайымдайды. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде адасып кету нені білдіреді?

Көрнекі фото: static-eu.insales.ru

Түс жоруға кіріспес бұрын алдымен түстегі ұсақ-түйек нәрселерге көңіл бөліңіз.

Егер жай адасқаныңызды көрсеңіз, онда сізді алда табыс күтіп тұр. Алайда достарыңыздан көмек күтпеңіз.

Ал егер орманда адасып кетсеңіз, онда шынайы өмірде тығырықтан шығар жол таппай жүргеніңіз. Ну орман болса, онда отбасында, жұмыста келеңсіздіктер болады деген сөз.

Ал тауда адасқан болсаңыз, керісінше сізді жетістіктер күтіп тұр.

Адасып жүріп, адамдарды іздеп жүрген болсаңыз, онда көптен күткен ақпаратқа қол жеткізесіз.

Бөтен үйде адасып жүрсеңіз, болашақта өміріңізге өзгерістер енгізетін адаммен кездесесіз. Мұндай түс оған сенуге асықпау керегін ескертеді.

Шырғалаңда адасып, жол таппай жүрген болсаңыз, онда өзіңізді мазалаған мәселенің жауабын таппай жүргеніңіз.

Егер танысыңыздың адасып жүргенін көрсеңіз, онда болашақта оған көмегіңіз қажет болады деген сөз.

Қаланың ішінде адасып жүрсеңіз, онда көп ұзамай сізге өте жақсы ұсыныс түседі.

Бейіттің ішінде адассаңыз, өміріңізде қиындықтар басталып, достарыңыздың көмегі қажет болады.

Әуежайда адасу алда сапар күтіп тұр деген сөз. Мектепте - болашаққа жоспарыңыз жоқ екенін білдіреді.

Адасып жол таппасаңыз, онда көздеген мақсатқа жету үшін көп күш жұмсайтыныңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel