RU
Желіде Алтынбек Қоразбаевтың қайтыс болғаны туралы қауесет тарап кеткен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Желіде Алтынбек Қоразбаевтың қайтыс болғаны туралы қауесет тарап кеткен

Рассказать Вконтакте

Ғаламтор кеңістігінде Алтынбек Қоразбаевтың қайтыс болғаны туралы қауесет тарап, жұртшылықты шулатты. Алайда, бұл ақпарат шындықа жанаспайтын болып шықты. Желіде жарияланған "қаралы хабарды" өнер иелері жоққа шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арман Дүйсенов Алтынбек Қоразбаевтың өліміне қатысты таралған қауесеттердің жалған екенін мәлімдеді.

Композитор эстрада дүлділінің шипажайда профилактикалық ем қабылдап жатқанын айтты.

"Аса қадірлі ағайын, ақ папамыз аман-есен, тірі, өлгені туралы естімеген де, шипажайда профилактикалық ем қабылдап жатыр. Сол себепті бәрі жақсы. Қай-қайдағыны жазатындарға айтамын. Ұят емес пе? Не нәрсе бұл? Ертең жауапқа тартылатындарыңды ұмытпағайсыздар!" , - деп ескертті композитор.

Сонымен қатар елді дүрліктірген қауесетке Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы да пікір білдіріп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Құрметті достар! Осындай жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Алтынбек аға аман. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тілейміз!", - деп жазды Айдар Қырықбай Instagam парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
7
1
3
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel