Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туа сала сөйлеп кеткен қойшының ұлы көпшілікті таңғалдырды

Опубликовано:

Ертеректе Израильде тақуаны азғырмақ болған келіншектің жоспары орындалмай, көшедегі қойшыдан бала көтеріп қояды. Алайда, ол дүниеге келген сәбиін тақуаның баласы деп жар салыпты. Осы уақытта жаңа туған нәресте ғажайыптың күшімен көпшілікке қойшының ұлы екенін айтқан екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: wallbox.ru
Көрнекі фото: wallbox.ru: Facebook

Оқиға Жүрейж есімді тақуаның басынан өткен. Тек Жаратушыға құлшылық етіп жүрген ол бір күні намаз оқып жатқанда, анасы іздеп шақырыпты. Журейж жауап беру қажет пе, әлде намазымды жалғастырайын ба деп ойланып тұрғанда анасы ұлын қарғап та үлгерген екен. Ол Құдайдан баласын жезөкшенің жазасына қалдыруды сұрапты.

Осылайша, ананың қарғысы қабыл болады. Ауылда өмір сүрген пасық ниетті екі азамат Журейжді азғыруға бәс тігіп, зинаға тарту үшін бір әйелді жібереді.

Ол уақытта Журейждің оңаша құлшылық жасайтын ғибадатханасы болыпты. Әйел тақуаның сол ғибадатханасына келіп, оны зинақорлыққа азғырған екен. Ол құлшылығын жасап, зинадан бас тартқан. Осылайша, жезөкше қайтып келе жатып, даладағы бір қойшыны азғырып, одан бала көтереді.

Келіншек айы-күні жетіп, ұл баланы өмірге әкеледі. Артынша ол жаһанға жария қылып, "Мына уақытта мен Журейжді азғырып, содан туып алдым", – дейді.

Бұл хабарды естіген бүкіл ел Журейждің ғибадатханасына қиратып, өзін балағаттап кеткен.

Журейж болса, Құдайға шүкіршілігін айтып: "Сіздер маған сенбей келіп отырсыздар ма? Онда сәбиден сұрап көріңіздер дейді. Сонда балаға келіп: "Айналайын, сенің әкең кім?" – дегенде, бесіктегі сәби: "Менің әкем -қойшы", – деп жауап берген екен.

Жиналған жұрт Журейжден кешірім сұрап алтыннан ғибадатхана салып беруді ұсынады. Алайда, тақуа одан бас тартып, ғибадатхананы саз балшықтан салып беруді сұраған екен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782136-tua-sala-sjlep-ketken-kojsyny-ly-kpsilikti-tagaldyrdy/

pixel