RU
"Жеке өміріме араласты": Қостанайда ер адам өз анасын өлтірді деп күдіктелуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Жеке өміріме араласты": Қостанайда ер адам өз анасын өлтірді деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында ер адам жеке өміріне араласқан анасын өлтірді деп күдіктелуде. 62 жастағы әйелдің өліміне кінәлі ұлы қазір тұтқындалған деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:kidskunst.info

Фото:kidskunst.info

Қостанай облысы бойынша полиция бөлімі бастығының орынбасары Андрей Григорьевскийдің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 наурыз күні Қарабалық ауданы Бөрлі ауылында болған.

"62 жастағы әйел қайтыс болды. Тергеу уақытында күдікті анасының жеке өмірін қалыптастыруға кедергі келтіргенін, анасына деген өкпесі барын айтқан", - дейді Андрей Григоревский.

Айта кететіні, қылмыс уақытында анасы мен ұлы масаң күйде болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ер адам тұтқындалған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel