RU

Түркістандық полицейлер бір отбасының үйін өрттен аман алып қалды (фото)

Мақтарал ауданындағы Жантақсай ауылының полицейлері жергілікті тұрғынды өрттен құтқарды. Тәртіп сақшылары жеке үйлердің бірінің өртеніп жатқанын байқап, бірден көмекке жүгірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оқиға 15 ақпан күні орын алған. Полиция капитаны Асқат Асқаров пен әріптесі Қабыл Өтегенов жеке үйлердің бірі өртеніп жатқанын аңғарып, бірден көмекке ұмтылған.

Олар тез арада үйдің электр құрылғыларын толығымен өшіріп, өртті сөндіруге кіріскен. Полицейлердің шапшаң қимылдауының арқасында бір отбасының үйі өрттен аман қалған.

Көрсеткен ерліктері үшін тәртіп сақшылары елеусіз қалмады.

Мақтарал аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкерлеріне өрт сөндіруде көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдірген. Сонымен қатар аудан әкімі оларды мадақтамамен марапаттады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақтарал АПБ-нің учаскелік инспекторы 27 жасар полиция капитаны  Асқат Асқаров 2012 жылдан бері полицияда қызметте, ал полиция қызметкері Қабыл Өтегенов ішкі істер органы қызметінің құрамына  жақында орналасқан жас маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782154-trkistandyk-policejler-bir-otbasyny-jin-rtten-aman-alyp-kaldy-foto.html