Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда шенеунік өз кабинетінен асулы күйде табылды

Опубликовано:

Оралда мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары қызметтік кабинетінде асулы күйде табылған деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оралда шенеунік өз кабинетінен асулы күйде табылды
Фото: Facebook парақшасынан: Facebook

Оқиға бесінші наурыз күні болған.

Полицейлердің ақпаратынша, шақырту кешкі 21:00-де түскен. Телефон соққан адам Батыс Қазақстан кәсіпкерлік пен индустриалды даму басқармасының ғимаратында асылып өлген ер адамның денесі табылғанын хабарлаған.

Өзіне қол салған кәсіпкерлік басқармасы жетекшісінің орынбасары, 30 жастағы Хасен Тоясов екені анықталды.

"Кәсіпкерлік басқарма жетекшісі орынбасарының мәйіті қызметтік кабинетінде табылған. Өлім себебі - механикалық тұншығу. Мәйіт жанынан хат табылмады. Аталмыш факті бойынша, қылмыстық кодекстің 105 бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Орал қаласының полиция департаментінің өкілдері.

Мәйітті тексерген сот медицина сарапшысының алғашқы қорытындысы бойынша, марқұмның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері жоқ.

30 жастағы Хасен Тоясов 2011 жылдан бері кәсіпкерлік басқармасында бас маман, бөлім жетекшісі қызметтерін атқарған. 2018 жылдың қазанында басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Қызметкерлерінің өлімін кәсіпкерлік басқармасының өкілдері де растады. Олар марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782161-oralda-seneunik-z-kabinetinen-asuly-kjde-tabyldy/

pixel