RU
Жетінші наурызға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жетінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін материалды мәселелерді шешу үшін өте қолайлы күн. Жаңа жоба бастасаңыз, оны сәтті аяқтайсыз. Жаңа қызметкер іздеп жүрген болсаңыз, бүгін жұмысқа алынған адамдар ұжымға тез сіңісіп кететінін ескеріңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жетінші наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Жетінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: podrobnosti.ua

1. Тоқты

Бүгін үйлесімділік іздейсіз. Оны табу жан дүниеңіз үшін аса маңызды. Айналаңызда әдемі заттар болғанын қалап, қажетсіз шығындар жасауыңыз мүмкін. Бүгін сүйіктіңізді кездестіру ықтималдығы жоғары.

2. Торпақ

Бүгін ештеңеге басыңызды қатырғыңыз келмейді. Романтикалық көңіл-күйде боласыз. Қарапайым тапсырмаларды орындап, нәзік жандыларға сыйлық таңдаумен айналысыңыз. Кешкі уақытты отбасыңызбен өткізіңіз.

3. Егіздер

Бүгінгі күнді қаржы мәселесін шешуге арнаңыз. Белгілі бір жұмыс көлемін орындап, ақысын алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл дүниеде ең бастысы ақша емес екенін ұмытпаңыз. Достық, махаббат пен жақындарыңыздың күлкісін бағалай біліңіз. Кешкісін сүйіктіңізге романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.

4. Шаян

Бүгін жаһандық мәселелерге басыңызды қатырмаңыз. Өзіңіз өзгерте алмайтын нәрселерге бола жүйкеңізді құртпаңыз. Көңіл-күйіңізді көтеріп, қаржыңызды есептеп, тұрақтылыққа жетудің жолдарын қарастырыңыз. Жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, жақсы ұсыныс алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, сенімсіз адамдармен сөйлеспеңіз.

5. Арыстан

Бүгін кәсіби этика жайында ұмытпаңыз. Әріптестеріңізбен өсек айтпаңыз, артық тақырыптарға сөйлеспеңіз. Шығармашылық мәселелерде жетістіктер болады. Жаныңызға рахат сыйлайтын істермен айналысыңыз. Кешті оңашада өткізіңіз.

6. Бикеш

Бұл бейсенбі сіз үшін өте күрделі, әрі ұзақ болып көрінуі мүмкін. Бүгін көптеген тапсырманы орындауға тура келеді. Кешкісін шаршауды басу үшін өзіңізге демалыс жариялаңыз.

7. Таразы

Бүгін сізді жалқаулық басады. Егер бүгінге маңызды кездесулер мен шаралар жоспарланса, бұл кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, тағдырыңыз бен мансабыңызға әсер ететін жаңалық алуыңыз мүмкін. Күннің екінші жартысында бағалы сыйлық алып, жанжалға нүкте қойып, басқаларға мәселелерін шешуге көмектесуіңіз мүмкін.

8. Сарышаян

Бүгін өзімшіл болыңыз. Басқалардың өмірге шағымданғанын тыңдамасаңыз, көмектеспесеңіз ұтасыз. Жеке басыңыздың мәселелерін шешіңіз. Кешке тамаша ұсыныс алуыңыз мүмкін.

9. Мерген

Бүгін әріптестеріңіз арасында беделіңіз артуы мүмкін. Бұл күннің басты мәселесі - қаржы. Күтпеген шығындар болуы мүмкін.

10. Тауешкі

Бүгін ішкі толқыныстарыңыз басылып, жан дүниеңізде тыныштық орнайды. Айтарлықтай маңызды оқиғалар болмайды. Отбасылы болсаңыз, қай жерге барсаңыз да, жұбыңызды ерте барыңыз, әйтпесе қызғаныш негізінде жанжал туындайды.

11. Суқұйғыш

Бүгін жақындарыңызға қамқор болыңыз. Туысыңыздың біріне көмегіңіз қажет болып, жоспарларыңыз кейінге қалуы мүмкін. Кешке шығармашылықпен айналысып, кітап оқыңыз.

12. Балықтар

Бүгінгі күн көптеген сапарларға, келісісөздер мен кездесулерге толы болмақ. Салмақты болыңыз, себебі мыжың адамдармен кездесуге тура келеді. Достарыңызбен кездессеңіз жолыңыз болады. Нәзік жанды сүйіктіңізге сыйлық алып үлгермесеңіз, қазір алатын кез келді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel