Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал режиссер Айсұлтан Сейітов алғаш рет сүйіктісінің кім екенін айтты

Опубликовано:

Танымал отандық режиссер Айсұлтан Сейітов алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр ақтарды. Жас талант қазақстандық модель Ая Шалқармен кездесіп жүргенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ол "вДудь" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Қазіргі таңда әлемдік жұлдыздарға бейнебаян түсіріп жүрген қазақ баласы өзінің сүйіктісімен жұмыс бабы аясында жолыққан.

Айсұлтан отандық рэп орындаушы Jah Khalib-тің хитке айналған "Медина" бейнебаянының түсірілімі кезінде Аямен жақынырақ танысқан.

Бойжеткен аталмыш клипте басты рөлдегі кейіпкерді сомдаған болатын.

"Біз бейнебаян түсірілімінен кейін кездесе бастадық. Алайда, оған дейін сыртай таныс болғанбыз. Клипті түсіру кезінде біз етене жұмыс істедік, көп сөйлестік. Мен оған қалай түсу керектігін түсіндірдім дегендей. Солай түсірілім кезінде арамызда сезім пайда болды.
Бейнебаян аяқталған соң, мен дене қызуым 39 градус болса да онымен кездесуге бардым. Мен дәл сол кезде бармасам, біз бәлкім қазір кездесіп жүрмес па едік" - деді Айсұлтан Сейітов.
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Оған қоса, танымал режиссер сүйіктісінің немен айналысатынын да айтып берген.

"Қазіргі таңда ол Венадағы оқуын аяқтап жатыр. Ол - киім дизайнері. Онымен қоса, өте талантты модель. Ол мен үшін әлемдегі ең әдемі қыз" , - деді жас жігіт.

Айсұлтан Сейітовтің сұхбатының толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар. Ал сүйіктісі жайлы айтқан сәті 35:39 минутында басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782187-tanymal-rezisser-ajsltan-sejitov-algas-ret-sjiktisini-kim-ekenin-ajtty/

pixel