Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 2020 жылдан бастап қандай мүліктерді декларациялау керек?

Опубликовано:

Қазақстанда 2020 жылдан бастап кәмелетке толғандар үшін мүлік есебін өткізу туралы заң күшіне енеді. Бұл туралы Республикалық жеке кәсіпкерлерге көмек орталығының баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: arnavutkoyenucuzarsa.com
Көрнекі фото: arnavutkoyenucuzarsa.com: Facebook

Республикалық жеке кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцевтің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің 13 миллионға жуық тұрғыны табыс пен мүлік бойынша жыл сайын декларация өткізетін болады.

Бұл есепті отандастар қағаз түрінде 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін өткізу қажет.

"Ойлап көріңізші, 13 миллион адам декларация өткізеді. Бұл - өте көп.

Маман ретінде бұл декларацияны қағаз түрінде өткізбеуге кеңес беретін едім.

Өйткені ол қауіпсіз. Ал күзде соңғы сәтте 13 миллион адам электронды базаға лап қойса, жағдай не болады?

Әрине, база көтере алмауы мүмкін. Салдарынан қаншама адам өзінің табыс декларациясын уақытында өткізе алмай қалады. Сол себепті біз халықты бұл жағдай туралы алдын ала ескертіп, хабарлап жатырмыз", - деді ол.

Казанцевтің сөзінше, декларация уақытында өткізілмей қалса, қазақстандық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал.

"Үлгермесе немесе толтырған құжатта шынайы ақпарат көрсетілмесе, онда ол адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 75 750 теңге айыппұл салынады", - деді ол.

Маман тойдан түскен ақша мен сыйлықтың құны 500 мың теңгеден асқан жағдайда, қазақтың қуанышы да декларацияланатынын айтты.

"Декларацияда құны 500 мың теңгеден асатын, болашақта сатуға болатын нәрселерді көрсетуге кеңес беремін. Бұл бағалы бұйымдар, тондар, картиналар болуы ықтимал.
Мәселен тойдан түскен ақшалай сыйлықты декларациядағы "тағы басқа" деген графаға толтыруға болады. Өте бағалы сыйлық алсаңыз, онда сыйлаушыдан мүмкіндік болса, чегін сұрап алуға кеңес берер едім", - деді Казанцев.

Сондай-ақ, енді қазақстандықтар банк картасы арқылы бекерден-бекер ақша аударымын жасай алмайды.

"Мысалы, досыңыз "картаны берші, ақша аудартып ала қояйын" дейді. Егер ол үлкен сома болса жағдай қиындау. Себебі салықшыға сіз оның қандай ақша екенін дәлелдей алмайсыз.
Біреу картаңызды пайдаланып, 1 миллион теңге жөнелтті делік. Сол 1 миллион теңгенің салығы сізден алынатын болады, себебі ол декларацияланбаған", - деп түсіндірді Республикалық жеке кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782208-kazakstandyktar-2020-zyldan-bastap-kandaj-mlikterdi-deklaracialau-kerek/

pixel