RU
Алматыдағы алып тиіннің Наурыз мерекесінде тақия киетіні рас па? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы алып тиіннің Наурыз мерекесінде тақия киетіні рас па? (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Наурыз мерекесінде Алматыдағы алып "тиін" тақия киеді деген ақпарат тарады. Желі қолданушылары оңтүстік астанадағы мүсінді тағы да әзілге қосқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тиіннің суреті @ztb_kz парақшасында жарияланған. Ал жазба "Тіпті, алматылық тиін де Наурызға дайындалып жатыр" деген сөздермен толығыпты.

Әзілге толы жазбаны көрген желі қолданушыларының бірі қалжыңды қостаса, енді бірі бас киімді күлкіге айналдырмау қажеттігін айтқан.

"Тақиялы тиін дейсің ғой", "Кигізбей тұрып ойланыңдар, бас киіммен ойнамаңдар", "Одан сайын қорқынышты болып кетті", "Қанша қаржы жұмсалады екен?", -деп жазған олар.
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel