RU
Полторанин: Сараптамалар тыйым салынған препарат қолданбағанымды көрсетті
Жаңалықтар Спорт

Полторанин: Сараптамалар тыйым салынған препарат қолданбағанымды көрсетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында 27 ақпанда Австрияда допинг пайдаланғаны үшін ұсталғаны жайында айтты. Сондай-ақ, спортшы қазіргі уақытта қайда екенін де мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алексей Полторанин. Фото: kp.kz

Алексей Полторанин. Фото: kp.kz

Австрияда жаттығу залынан келген соң ұсталған спортшы қазіргі уақытта жанұясымен бірге екенін, жақын арада Қазақстанға оралатынын айтты.

Сонымен қатар, Полторанин кейбір БАҚ беттерінде тараған ақпараттың жалған екенін алға тартты. Спортшының сөзінше, ол қан ауыстырып жатқанда ұсталмаған және мүлде қан ауыстырмаған.

Қамалғаннан кейінгі жағдайы туралы сөз еткен қазақстандық шаңғышы жайлылығы төмен камерада жалғыз өзі жатқанын айтады. Ал қазір ол түрмеде алған психологиялық соққыдан емделіп жатыр екен.

Спортшының сөзінше, осы уақытқа дейін бірнеше сараптама жасалған. Алайда олардың ешқайсысы Полтораниннің қанынан тыйым салынған препаратты таппапты.

Қанынан допинг табылмаған шаңғышы препарат қабылдау туралы ойы болғанын мойындады. Алайда, қазақстандық спортшы көп ұзамай райынан қайтқан.

"Мені дер кезінде тоқтатты. Мен басымда осындай ой пайда болғаны үшін өкінемін және кешірім сұраймын", -деді отандық спортшы.

Қазақстан СІМ қызметкерлері келеңсіз жағдайға тап болған қазақстандық спортшыға қолдау көрсеткен. Олар оқиғаға жедел түрде кірісіп, бостандыққа шыққан спортшыға көмектесіпті.

Өз сұхбатында Полторанин өзіне телефон арқылы қолдау білдірген Серік Сәпиев туралы да сөз етті. Ол қазіргі уақытта өзіне моральді тұрғыда көмек қажет керек екенін айтты.

Сұхбатын қорытындылаған шаңғышы өз жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"Сіздердің қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Көптеген жылдар бойы мен Қазақстанның туын биікке көтеру үшін спортта үлкен жетістіктерге жету үшін жаттықтым, көп еңбектендім, қолымнан келгеннің барлығын істедім", -деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Полторанин ешқашан допинг қабылдамағанын айтқан. Ал оның жаттықтырушысы кінәні мойындап, болған іске өкінетінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel