RU
Зорлап, қашып кеткен: Екі жыл іздеуде болған азамат Қырғызстанда қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Зорлап, қашып кеткен: Екі жыл іздеуде болған азамат Қырғызстанда қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Зорлау фактісі бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеуде жүрген Астана қаласының тұрғыны Қырғызстанда ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.

ааааа

Көрнекі фото: www.aysor.am

Ұстау шаралары кеше, 5 наурыз күні жүргізілген.

"Астана қаласында зорлық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан Қазақстан азаматы Қырғызстанның Чуй облысына қарасты Аламуду ауылында ұсталды. Ол 2017 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Тұтқындау қырғызстандық әріптестермен бірлесе жүргізілді", - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Қазір күдікті азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қашқын Бішкек қаласындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Министрлік өкілінің айтуынша, жиналған материалдар мемлекетаралық конвенцияға сәйкес экстрадициялау мәселесін әрі қарай шешу үшін еліміздің  Бас прокуратурасына берілмек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel